Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын хабарлады. Полиция департаментінің мәліметінше, оған 3 жыл бұрын болған қылмыстық іске қатысты айып тағылуда. Қылмыстық іс 2021 жылы маусымда болған, ол адам денсаулығына ауыр зиян келтіру және адам ұрлаумен байланысты.
Хасан Қасымбаев 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Қылмыстарды жан-жақты зерттеу мақсатында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әс материалдары сотқа жолданды. Тергеу жұмыстары Алматы облысы полиция департаментінің бақылауында", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін жергілікті "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екендігі және оған Хасан Қасымбаев жетекшілік ететіндігі туралы ақпарат тараған болатын.
Алайда, Хасан Қасымбаев өзінің бұл іске қатысы жоғын мәлімдеп видеоүндеу жарияласа, Ішкі істер министрлігі "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Оқи отырыңыз:
- Талғардағы Шерзаттың өлімі: марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма
- Талғардағы Шерзаттың өлімі: Полиция қандай қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіп жатыр
- ҚМДБ Шерзат Болаттың өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады