Тікелей эфир

Ресейде "Дельта" штамының жаңа түрі тарала бастады

Ғалымдар оның жұқпалылығы жоғары екенін айтады.

Ресейде "Дельта" штамның жаңа түрі – AY.4.2 анықталды, деп хабарлайды РИА "Новости".

Әзірге штамның бұл түрін бірнеше адам ғана жұқтырды, десе де оның жаппай таралу қаупі бар.

"VGARus" мәліметтер базасында сақталған SARS-CoV-2 коронавирусының геномдарын секвенирлеу нәтижесіне сәйкес, Ресейде "Дельта" желісінің AY.4.2 нұсқасы анықталды. Кей ортада осы геннұсқаны "Дельта плюс" деп атап жүр. Мұның алдында бұлай басқа нұсқаны атағандықтан, шатасу болып жатыр", – деді роспотребнадзор ЦНИИ эпидемиологиясының адам ауруларын диагностикалаудың жаңа әдістерін әзірлеудің ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов.

AY.4.2 – "Дельта" желісінің бір түрі, деп қосты спикер. Оның қазір таралып жатқан вирустар алдында бірнеше артықшылығы болуы мүмкін. Ғалымдар оның жұқпалылығын зерттеп жатыр.

"Ол Ресейде және әлемде кеңінен таралуы мүмкін. Бүгінде бұл желі түрі жиі кездесіп жатыр. Десе де сарапшылар оның әртүрлі мемлекетте күн сайын коронавирустың анықталуына себепші емес екенін алға тартып отыр", – деді Камиль Хафизов.

Жаңа AY.4.2 нұсқасы Ұлыбританияда анықталған болатын. Кембридждегі Сенгера және Лондонның университет жанындағы колледжде орналасқан генетика институты оның "Дельта" штамға қарағанда жұқпалылығы 10-15% артық екенін мәлімдеген болатын. Егер осы мәліметтер расталса, онда ол вирустың ең жұқпалы түрі болмақ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары