2 сәуір мен 1 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды, деп мәлімдеді қаланың дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов.
"Дәл қазір астананың 12 мешітінде Рамазан айына қызу дайындық жүріп жатыр. Әкімдік өз кезегінде 1 мамырға дейін ірі мешіттерге түнгі автобустардың қатынауынқамтамасыз етіп жатыр", – деді Нұрдәулет Әлмұқанов.
Түнгі автобустар жолаушыларды Әзірет Сұлтан, Әбу Насыр әл-Фараби, Сәдуақас қажы Ғылмани, Рыскелді қажы және Раиса ана мешіттеріне түнге дейін тасымалдайды.
Оқи отырыңыз: 2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
"Оразаға қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығына хабарласуға болады", – деп қосты басқарма басшысы.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63