Қазақстандықтар косметиканы кімнің кеңесімен сатып алады? Зерттеу нәтижесі

Фото: Золотое яблоко
Фото: Золотое яблоко
Қазақстандықтардың 94%-ы косметика сатып аларда пікірлерге қарайды.

Қазақстанда сұлулық индустриясы, бөлшек сауда және тұтыну мәдениеті туралы жазатын журналистер мен блогерлерге арналған "Красиво!" ("Әдемі!") медиа марапатының алғашқы жеңімпаздары анықталды. Жеті номинация бойынша 14 марапат табысталды. Байқауға 95 үміткер қатысып, жеңімпаздарды оқырмандар мен жазылушылар таңдады. Марапаттау рәсімі қарсаңында Қазақстанның бьюти-нарығы мен тұтынушылардың сауда әдеттері талқыланған паблик-ток өтті.

Журналистер мен блогерлер арасындағы жеңімпаздар

Дауыс беру 15-25 қазан аралығында марапаттың ресми сайтында өтті. Жеті номинацияның әрқайсысында "Тәлімгер" және "Сарапшы" санаттары бойынша екі жеңімпаздан таңдалды.

Журналистер арасында "Сұлу сөз" номинациясында Анар Кукиева (Tatler Asia) мен Айжан Шайкенова (Mustafin Magazine) марапатталды. "Дүкендегі сауда" номинациясының жеңімпаздары – Сания Бердиходжаева (NoFake.kz) және Катерина Клеменкова (Inbusiness.kz). Ал "Онлайн бьюти" номинациясында Гүлжан Раманқұлова (BAQ.KZ) мен Саида Сулеева (Tribune) үздік деп танылды.

Блогерлер арасында "Бьюти-жаңалық" номинациясында Нұршат Ғазизова мен Яна Пак, "Контентмейстер" номинациясында Мадина Бағдатова мен Карина Күнісбекова жеңіске жетті. "Бьюти-пікір көшбасшысы" аталымында Жанна Нұралы мен Камила Күмісқалиева марапатталса, ер адамдар жүргізетін блогтарға арналған "Бьюти-сері" номинациясында Диас Алпысбаев пен Әміржан Нармашев жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар серіктес брендтер негізгі дауыс беруден тыс арнайы номинациялар бойынша марапаттар табыстады. VIVIENNE SABÓ "VIVIENNE SABÓ музасы", Sisley Paris "Қазақстанда Sisley Paris-ті дамытуға қосқан үлесі үшін", FOR ME by gold apple "FOR ME by GA махаббатпен", DARLING "Beauty Role Model" номинацияларын ұсынды. "Басты назарда" арнайы марапатын ұйымдастырушылар табыстады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.С. Күшікова марапатқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жолдаған хатында жеңімпаздарға алдағы жұмыстарына табыс тілеп, қазақстандық брендтердің жергілікті және шетелдік нарықтардағы аясын кеңейтуіне ниет білдірді.

Фото: Золотое яблоко

 

Сатып алушылар бьюти-трендтерді қайдан біледі?

Марапаттау рәсімі аясында "Золотое Яблоко" Қазақстанның 2 мыңнан астам тұрғыны арасында бьюти-нарық, сауда және тұтынушылардың таңдауына қатысты зерттеу жүргізгенін жариялады. Зерттеуге L’Oréal Kazakhstan, Parfum De Vie және Tiburon Research Kazakhstan өкілдері де қатысты. Нәтижелерге сәйкес, респонденттердің 68%-ы сұлулық индустриясындағы жаңалықтар мен трендтер туралы блогерлер мен инфлюенсерлерден біледі. Ал 14%-ы ақпарат көзі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын атаған. Бьюти-тақырыптағы контент форматтарының ішінде сарапшылармен сұхбат (48%) пен үздік өнімдер топтамасы (39%) көбірек таңдалған. Редакцияның өнімді сынап көріп жасаған шолуын респонденттердің 12%-ы ғана атаған.

Косметика сатып алу кезінде де өзгелердің тәжірибесі маңызды рөл атқарады. Сауалнамаға қатысқандардың 94%-ы тауар туралы пікірлерге назар аударатынын айтқан. Ал 80%-ы өнімді шолулар мен ашып-көрсету видеоларын көргеннен кейін сатып алады. Респонденттердің 70%-ы TikTok пен Instagram желілеріндегі трендтердің ықпалымен косметика алған.

Зерттеу өнімнің түпнұсқалығына да ерекше мән берілетінін көрсетті. 36-55 жас аралығындағы респонденттердің 80%-ы дүкен таңдағанда тауардың түпнұсқа екеніне сенімді болуды басты өлшемдердің бірі санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 31%-ы осындай кепілдік үшін көбірек ақша төлеуге дайын екенін айтқан. Ал 25%-ы соңғы бір-екі жылда өнімнің түпнұсқалығына бұрынғыдан да талапшыл бола түскен.

Вице-министр Ж.С. Күшікова өз үндеуінде Қазақстанның бьюти-тауарлар мен қызметтер нарығы жыл сайын орта есеппен 5%-ға өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық косметиканың сауда сөрелерінде кеңінен ұсынылуы және сыртқы нарықтарға шығуы маңызды. Сондай-ақ контрафактілік өнімдер тұтынушылардың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, адал бизнеске деген сенімге де нұқсан келтіретінін айтты.

Зерттеу бойынша, дүкенге келушілердің 75%-ы нақты тауар сатып алуды мақсат етеді. 47%-ы жаңа өнімдерді көру үшін барады, ал 30%-ы шеберлік сабақтары, ұтыс ойындары мен басқа да іс-шараларға қатысу үшін бірнеше рет келген. Мобильді қосымшаны пайдаланушылардың 67%-ы оны белгілі бір өнімді сатып алу үшін ашса, 42%-ы каталогты қарап, жаңа идея іздейді.

Қазақстандық брендтерге деген қызығушылық та артып келеді. Сауалнамаға қатысқандардың 54%-ы отандық өнімдерді сатып алатынын айтқан. Олардың арасында сәндік косметикаға сұраныс жоғары. Жергілікті өнімді таңдаудың негізгі себептері – отандық өндірушілерді қолдау ниеті (42%) және қолжетімді баға (41%). Зерттеу жарияланған кезде "Золотое Яблоко" ассортиментінде Қазақстанның 31 бренді болған.

Tiburon Research Kazakhstan бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ляйсан Хамидуллинаның айтуынша, тұтынушылар косметика таңдағанда ұсыныстар мен пікірлерге ғана емес, жасанды интеллект ұсынған ақпаратқа да сүйене бастады. Оның пікірінше, интернетте өзі туралы ақпаратты көбірек ұсынатын брендтердің жасанды интеллект жауаптарында көріну мүмкіндігі артады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау