Тікелей эфир

Өзбекстанда Ораза айтына орай қосымша демалыс күні беріледі

Өзбекстандықтар дүйсенбі, 24 сәуір күні демалады.

Өзбекстанда Ораза айт мерекесін лайықты қарсы алу және жоғары деңгейде өткізу мақсатында қосымша демалыс күні беріледі. Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиёевтің жаңа қаулысына сәйкес, қосымша демалыс күні дүйсенбі, 24 сәуірге сәйкес келеді.

"Ел халқының Ораза айт мерекесін лайықты қарсы алуы және жоғары деңгейде өткізуі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс аптасының түріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін 2023 жыл 24 сәуір (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленді", – делінген президент қаулысында.

Өзбекстанда Ораза айтының алғашқы күні Қазақстандағыдай 21 сәуір, жұмаға сәйкес келеді. Uza ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Ғұламалар кеңесі Ислам тағылымдары мен осы астрономиялық мәліметтерге сүйене отырып, Рамазан айт Өзбекстанда 2023 жылдың 21 сәуірі, жұма күні болады деп шешкен.

Еске салайық, Қазақстанда Ораза айт намазы мешіттерде 21 сәуірде оқылады. Ораза айт намазының кестесін осы жерден табасыз.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары