"Митингіге қатысу үшін ақша төледі". Алматыда ұсталған Қырғызстан азаматы қалаға қалай келгенін түсіндірді

Алматыда ұсталғандардың бірі өзінің Қырғызстаннан ұшып келгенін айтты. Біреулер оған митингіге қатысу үшін ақша ұсынған.

Қырғызстан азаматының айтуынша, белгісіз біреулер оның ұшақ билетін төлеп беріп, қаладағы пәтерлердің біріне орналастырған. Онымен бірге Өзбекстан мен Тәжістаннан келген адамдар болған.

"1-і күні маған белгісіз біреулер хабарласып, митингіге қатысуды ұсынды. 90 мың теңге ұсынды. Қырғызстанда жұмыссыз болғандықтан, келістім. Олар маған авиобилет сатып алып берді. 2-сі күні Алматыға ұшып келдім. Мені пәтерге алып барды. Ол жерде Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары болды. Олардың не деп жатқанын түсінбедім. Митинг басталған кезде қорқып кеттім, пәтерге келіп, қондым. Келесі күні үйіме қайтым келді, бірақ мені Самсы ауылында әскерилер ұстап алды",– дейді ол.

Азаматтың айтуынша, пәтерде оншақты адам болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз