USD: 467.3 / 469.7
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

KazSat-3R: Қазақстан жаңа байланыс спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөледі

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
KazSat-3R 2029 жылдан кейін ұлттық спутниктік байланысты қамтамасыз етеді.

Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Бұл мемлекет басшысының ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамыту және азаматтарды заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкімет.

Үкіметтің мәліметінше, бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін  жасауға жұмсалады. KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

"Жобаны жүзеге асыру спутниктік байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып, Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды. Қазіргі таңда KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабарларын тарату, деректерді жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметтері көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 млн-нан астам абонент пайдаланады", – делінген хабарламада.

Ведомство дерегіне сүйенсек, Қазақстанда телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Соңғы екі жылдағы негізгі нәтижелердің бірі – жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді халық үлесі 99%-ға жетті. Бүгінде 4,5 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Шалғай және қатынауы қиын аумақтарды байланыспен қамту үшін спутниктік технологиялар қолданылуда. Соның арқасында жерүсті инфрақұрылымын салу қиын елді мекендер де интернетке қол жеткізіп жатыр.

"Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін кеңейту, "Соңғы миль" жобасын іске асыру, 5G желісін дамыту, автожолдарды мобильді байланыспен қамту және заманауи спутниктік шешімдерді енгізу сияқты негізгі жобаларды жүзеге асыру арқылы инфрақұрылымды дамыту қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар заманауи цифрлық қызметтерге қолжетімділік те кеңейіп келеді: бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта көрсетіледі, Қазақстанда өз суперкомпьютерлік қуаттар мен QazTech бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Бұл жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы одан әрі дамытуға негіз қалайды. Осылайша, KazSat-3R байланыс спутнигін жасау және Жерді қашықтан зондтау саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның ғарыш саласының одан әрі дамуына және оның технологиялық әлеуетінің артуына ықпал етеді", – деп жазады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау