USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

"Камералар да қателесуі мүмкін". Айыппұл келсе бірден төлеуге асықпаңыз

Фото: njcar.ru
Фото: njcar.ru
Алматыда басқа көліктің айыбы бөтен жүргізушіге тіркелген.

Алматы қаласында жол қозғалысын бақылайтын бейнекамералардағы ақау салдарынан жүргізуші бөтен адамның құқықбұзушылығы үшін айыппұл арқалаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қала тұрғыны Дмитрий Кирейев өз атына келген хаттаманы көргенде аң-таң болғанын айтады. Оның сөзінше, айыппұлда көрсетілген көлік мүлдем басқа болған. Құқықбұзушылық жасаған автокөлік – Subaru маркасы, ал Дмитрий Tank көлігін жүргізеді. Белгілі болғандай, камера көліктің нөміріндегі сандар бірдей, ал әріптердің ұқсастығына қарап қате тіркеген. Соның салдарынан жылдамдықты асырды деген айыппен шамамен 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Дмитрий бұл жағдайды әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін іс көпшілік назарын аударып, айыппұл небәрі үш сағат ішінде жойылған.

Оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті тексеріс бастағанын хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, техникалық құралдарда кейде қателіктер болуы мүмкін.

Ресми өкіл Салтанат Әзірбек азаматтарға мұндай жағдайларда шағымдануға кеңес берді. Оның айтуынша, өтінішті eGov жүйесіндегі e-Өтініш порталы арқылы немесе Әкімшілік полиция басқармасына жолдауға болады.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда жол ережесін бұзу фактілерінің шамамен 60 пайызы бейнекамералар арқылы анықталады. Алайда автоматтандырылған жүйелер кей жағдайда қателік жіберуі мүмкін, сондықтан жүргізушілерге келген хаттамаларды мұқият тексеру ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз