Тікелей эфир

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы артады

ТКШ қызметтері тарифтерін кезең-кезеңмен өзгерту көзделіп отыр.

145 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу қажет. Осыған байланысты биыл өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, ТКШ қызметтері тарифтерін кезең-кезеңмен өзгерту көзделіп отыр, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

"Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын енгізу арқылы республика бойынша электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын орта есеппен 20 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және апаттық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді", – деді министр. 

Мұнымен қатар, ол биыл ТКШ саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады.


Оқи отырыңыз: Қоғамдық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1 мың теңгеге артады


Сондай-ақ, 5 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөнделеді. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары