Петропавлда нан илейтін аппаратқа түсіп кеткен жұмысшы қаза тапты

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қамыр илейтін аппаратты тазалап жатқан жұмысшы қаза тапты.

Петропавлда нан илейтін аппаратты тазалап жатқан 35 жастағы жұмысшы қаза тапты. Өндірістік қондырғының қалақтары мен біліктері кенеттен іске қосылып, ер адамды ішіне тартып кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Оқиға 12 қазанда сағат 03:00 шамасында Петропавлдағы Труд көшесінде орналасқан өндіріс нысандарының бірінде болған.

Департамент мәліметінше, кәсіпорынның өндірістік желісі қамыр илейтін аппаратты ішіндегі қалдықтардан тазарту үшін тоқтатылған. Осы кезде престеуші болып жұмыс істеген ер адам жабдықтың ішкі бөлігін тазалауға кіріскен.

Алайда жұмыс барысында аппараттың қалақтары мен біліктері іске қосылып, жұмысшыны ішіне тартып кеткен. Ер адам алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жазатайым оқиға мемлекеттік еңбек инспекциясының бақылауына алынды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, қазір тергеу жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша полиция еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Өндірістік қондырғының ішіне құлау салдарынан кәсіпорынның 35 жастағы жұмысшысы ауыр жарақаттар алып, көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау