Халықаралық жарыс жүлдегерлері Шерзод Давлатов пен Дамир Тоқтаров тегін жоғары білім алады

Фото: Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Фото: Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Олар Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті ректорының грантын иеленді.

Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ректор грантын табыстау рәсімі өтті.

Университет құрылтайшысы София Суюбаеваның қолдауымен Бакуде өткен дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатовқа және 2026 жылғы Азия ойындарының құзға өрмелеуден қола жүлдегері Дамир Тоқтаровқа ректор гранты табысталды.

Екі спортшы да Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің бакалавриат деңгейіндегі "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.

Шерзод Давлатовтың әлем чемпионатындағы күміс жүлдесі мен Дамир Тоқтаровтың Азия ойындарындағы қола медалі – қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы табысты өнерінің айқын көрінісі. Олардың жетістіктері жас ұрпаққа үлгі болып, спорт пен білімді қатар алып жүрудің маңызын көрсетеді.

Оқу грантын табыстау – университеттің талантты спортшыларды қолдауға, олардың сапалы білім алуына және кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған жүйелі бастамасының бір бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау