Қазақстандық үздік геймерлер Майамиде өтетін әлемдік турнирге қатыса алады

Қазақстандық үздік геймерлер Майамиде өтетін әлемдік турнирге қатыса алады
Турнирге қатысу үшін 18 жасқа толған және Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтар тіркеле алады.

Қазақстандық ойыншылар ел намысын қорғау үшін іріктеуден өтіп, 2027 жылдың басында АҚШ-тың Майами қаласында өтетін Red Bull Wings Cup турнирінің әлемдік финалына қатыса алады.

Турнир EA SPORTS және PlayStation компанияларымен серіктестікте ұйымдастырылады және жоба әлемнің 80-ге жуық елін қамтиды. Оған кәсіби киберспортшылар ғана емес, әуесқой ойыншылар да қатыса алады.

Әлемдік финал Майамидегі Inter Miami футбол клубының Nu Stadium стадионында өтеді. Финалға шыққан ойыншылар турнир тарихындағы алғашқы чемпион атағы үшін бақ сынайды.

Турнирге кімдер қатыса алады? Қазақстанда турнирге қатысу үшін 18 жасқа толған және елде тұрақты тұратын азаматтар тіркеле алады. Қатысушыларға екі лиганың бірін таңдау ұсынылады.

  • Университеттік лига қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттерге арналған. Олар PlayStation 5 консолінде университеттер арасында өтетін іріктеу кезеңдерінде жарысады.
  • Ашық лигаға қатысушылар PlayStation 5 консолі арқылы PlayStation Tournaments платформасында онлайн жарысқа қосыла алады. Бұл лигада ойыншылар EA SPORTS FC™ 27 Ultimate Team режиміндегі өз командасын пайдаланады.

Екі лигадағы үздік ойыншылар тиісті ұлттық финалдарға жолдама алады. Ал ұлттық финалдардың жеңімпаздары Қазақстан атынан Майамиде өтетін әлемдік финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ойыншыларға қай жерде ойнайтынына қарамастан, халықаралық турнирдің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау