Вьетнамдық Vietjet әуе компаниясы 10 қазанда Алматыдан Ханойға және Прагаға қатынайтын әуе рейстерін іске қосты. Рейстер енді аптасына екі рет тұрақты түрде жасалады.
Жаңа бағыттар Қазақстан, Вьетнам және Чехия арасын байланыстырып, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа арасындағы туризмнің, сауданың және мәдени алмасудың дамуына ықпал етеді.
Алматы мен Ханой арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 6 сағат 10 минутты, ал Алматы мен Прага арасында шамамен 7 сағат 35 минутты құрайды. Рейстер заманауи кең фюзеляжды Airbus A330 ұшақтарымен аптасына екі рет орындалады.
"Vietjet Еуропа, Австралия және Азия арасындағы сапарларды одан әрі ыңғайлы ете отырып, еуропалық бағыттарын дамытуды жалғастырады. Біз Вьетнамда қазақстандық қонақтарды асыға күтеміз. Мәдениеті, мұрасы мен бірегей әсерлері мол бағыттарды вьетнамдық және халықаралық саяхатшыларға жақындата отырып, сауда мен инвестицияның дамуына ықпал етуді мақсат етеміз", – деді Vietjet бас директоры Нгуен Тхань Шон ресйтердің ашылу рәсімінде.
Ол, сондай-ақ, өткен айда Vietjet ұшақтар бортында жоғары жылдамдықты интернетті енгізу бойынша Starlink компаниясымен келісім жасалғанын хабарлады. Жақын болашақта Vietjet брендімен жұмыс істейтін барлық әуекомпаниялардың рейстерінде тегін байланыс қолжетімді болады. Сәйкесінше, бұл мүмкіндікке Алматы – Ханой және Алматы – Прага рейстерінде қазақстандық жолаушылар да қол жеткізе алады.
10 қазанда Алматыдан Прага мен Ханойға рейстер ашылады. Әуе компаниясы тағы жеңілдік жариялады
Күзде Алматыдан Прага мен Ханойға тікелей әуе рейстері ашылады