"Пәтерін заңсыз алмақ болған". Алматы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталған.

Алматы полициясы 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген ресми мәлімдемеде. 

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау