Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлемнің үздік төрттігіне енді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстан намысын бес оқушы қорғады.

Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингте төртінші орынға ие болды. Байқауға 185 елдің командасы қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңінде өткізген 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама әлемнің үздік төрт командасының қатарына енді.

Ұлттық құрама сапында Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің 9–11-сынып оқушылары Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушысы Ерасыл Ендібай өнер көрсетті. Жарыс барысында қазақстандық оқушылар инженерлік дайындығы мен командалық жұмыс қабілетін көрсетіп, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже тіркеді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұған дейін FIRST Global Challenge чемпионатында төрт жыл қатарынан жеңімпаз атанған. Биылғы төртінші орын да отандық оқушылардың робототехника саласындағы әлеуетін көрсетті.

Қазақстан құрамасы Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Foundation қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған іріктеу нәтижесінде жасақталды. Команданы дайындау мен жарысқа қатысуына Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері атсалысты. Сондай-ақ Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтері қолдау көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау