Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 2,65 теңгеге арзандады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа бағамы 451,31 теңге болды.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы – 453,93 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында валюталар мына бағамен саудаланып жатыр:
- Доллар: сатып алу – 447,02 теңге, сату – 454,02 теңге;
- Еуро: сатып алу – 500,02 теңге, сату – 510,02 теңге;
- Рубль: сатып алу – 5,15 теңге, сату – 5,35 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 449,79 теңгеден сатып алынып, 451,77 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 503,92–508,42 теңге аралығында. Ресей рублі 5,15–5,26 теңгеден саудаланып жатыр.