12 қазан күні еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман түсіп, жел күшейеді. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт шығу қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақмола облысында түнде және таңертең батыста тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Көкшетауда да желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Күндіз батыста, солтүстік пен шығыста оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда да күндіз жел күшейеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды қаласында да осы уақытта тұман болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысында, оңтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі өте жоғары. Жезқазғанда да осындай қауіп сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде де осы уақытта тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Семейде де тұман болжанып отыр.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы жерлерде тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында өрт шығу қаупі жоғары.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай болуы мүмкін. Таулы жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Таразда жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласуы мүмкін. Найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.
Қызылорда облысында өрт шығу қаупі өте жоғары, ал солтүстігі мен орталығында жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысы, оңтүстігі мен орталығында өте жоғары болады. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде өте жоғары деңгейде сақталады. Атырау қаласында да өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз батысы мен орталығында шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Ақтауда түнде кей уақытта тұман түсіп, күндіз шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батысында оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.