Тікелей эфир

Алматы орталық мешітінде ораза кезінде күнде 500 адамға ауызашар беріледі

Сондай-ақ, Рамазан айында 100 мың дана құрма мен шөлмек су үлестіру жоспарланған.

Алматыда Рамазан айында 100 мың дана шөлмек су мен құрма таратылады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі

Қаланың бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айына арналған жоспар бекітілген.

"Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауық намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауық намазы құран хатымсыз оқылады. Рамазан – құран айы. Сондықтан, осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары қарқынды жүргізіледі", – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.


Оқи отырыңыз: Намаз оқымай, ораза ұстау дұрыс па? Ауыз бекіту үшін білу тиіс 20 сұраққа жауап


Сонымен қатар, ол Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылатынын жеткізді. Қаланың басқа да мешіттерінде ауызашар беріледі. Ауызашар бергісі келетін кісілер мешіттердегі жауапты адамдарға жолығуға болады.

"Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйінші сұрау мақсатында "Қош келдің, Рамазан!" айдарымен қала көшелерінде 100 мың дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар жамағаты мен блогерлер жұмылдырылады. Сонымен қатар "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады", – деді Төлеби Оспан.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары