Алдағы уақытта кітапханаға Сафуан Шәймерденовтың, Сергеевка орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың есімін беру ұсынылған.
Солтүстік Қазақстан облысындағы үш орта мектепке және бір спорт мектебіне қазақ зиялыларының есімдері берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
6 сәуірдегі Үкімет қаулысына сәйкес, енді Петропавлдағы:
- №25 орта мектеп Әлихан Бөкейханұлының;
- №9 орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлының;
- №2 орта мектеп Смағұл Сәдуақасовтың;
- ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімімен аталады.
"Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Наурыз айында облыстық ономастикалық комиссиясында өңірдің белгілі тұлғаларының есімдерін беру бойынша ұсыныс қаралған. Ол бір ауыздан қолдау тапты. Қазіргі уақытта құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жолданды. Айтып өтсек, мәдениет және білім нысандарына - Жамбыл ауданындағы кітапханаға Сафуан Шәймерденовтың, Шал ақын ауданындағы Сергеевка орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың, Қызылжар ауданы Новоникольск ауылындағы мектепке Геннадий Зенченконың есімін беру ұсынысы жолданды", – деді СҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов.
Оқи отырыңыз:
- Алаш арысы Әлихан Бөкейханның есімі Теміртау орталық мешітіне берілді
- Қарағанды облысындағы Октябрь ауданы енді Әлихан Бөкейханның атымен аталады
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Премьер-министр инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынады
-
463
-
0
-
2
-
-
2Павлодар облысының әкімі Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеуді тапсырды
-
408
-
0
-
2
-
-
3📚 Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ
-
394
-
0
-
1
-
-
4«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
-
382
-
0
-
2
-
-
52023 жылы Қазақстанда 1500 адам әскери жиындарға шақырылады
-
368
-
0
-
4
-
-
6🏸 Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің топ-10 үздік теннисшілер қатарына кірді
-
360
-
0
-
11
-
-
7Былтыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 203 адам қаза тапты
-
346
-
0
-
1
-
-
830 қаңтар – 4 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
350
-
0
-
3
-
-
9АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?
-
367
-
0
-
1
-
-
10Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
-
384
-
0
-
2
-