Абай облысында кафе қызметкерлері 13 миллион теңге жымқырған

Фото: google.com
Фото: google.com
Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды.

Абай облысында кафе қызметкерлері 13 миллион теңгеден астам қаражатты өз шоттарына заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция мәліметінше, Абай облысындағы танымал кафе желісінің иесі шотындағы қаражаттың жетіспеушілігін байқап, полицияға жүгінді. 

Кәсіпкердің айтуынша, 2024 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін кассадан 13 миллион теңгеден астам қаражат жоғалған. 

"Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды. Күдіктілер басшылықтың рұқсатынсыз, мобильді қосымша арқылы аударым жасап, мекеменің қаржысын өз мақсаттарына пайдаланған. Полицейлер күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады – олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттіктеріне жұмсалған", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта аса ірі мөлшердегі шығын фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары