Тікелей эфир

91 миллион теңге өндірілді: Астаналық көлік жүргізушілер мемлекетке қанша қарыз?

Астаналық жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы – 2,1 миллиард теңге.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгені құрайды.

"Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 97 миллион теңге өндірілді. Іс-шараларды өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қамалды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Алдағы уақытта іс-шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді?


 

Серіктестер жаңалықтары