Тікелей эфир

2022 жылғы пітір мөлшері қанша?

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады.

Елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.

"Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды" делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайдың жазуынша, егер пітірді арпаның құнымен беремін деушілер болса, оның жан басына есептегенде орташа бағасы 630 теңге. Ал мейізбен беруге ниет еткен кісілер болса, оның жан басына есептегенде орташа бағасы 4 990 теңге, ал құрмамен берем деушілер болса, оның жан басына есептегенде орташа бағасы 9 135 теңге.

Бұған дейін биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын хабарлаған едік. Ораза 30 күнге созылады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары