18 мамырда "Алматы жастарына" өтінім қабылдау басталады

Өтінімдер 1 маусымға дейін қабылданады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталатынын айтты.

Өтінім қабылдау 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында биыл мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар:

  • медицина қызметкерлері;
  • мұғалімдер;
  • ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
  • мәдениет және спорт саласының қызметкерлері;
  • журналистер;
  • жазушылар;
  • халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотека алу қаншалықты қолжетімді?


2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге артты. Егер өтінім қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 млн теңгеге баспана алуға болады.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары