Тікелей эфир

Полиция азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін ұстады

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық жасады деп айыпталды.

Астанада Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық жасады деп айыпталды. Олар 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірілді. Бұған дейін бұл қылмыстық топтың 5 мүшесін полиция қызметкерлері қолға түсірген еді. Қазір олар тергеуде.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Серіктестер жаңалықтары