Тікелей эфир

Оқушы қызды үйінде үнемі ұрып-соққан: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады

Ювеналды полиция қызметкерлері бұл отбасын бақылауға алды.

Астанада отбасында жеті жастағы оқушы қызды үнемі ұрып-соғуға қатысты оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір күн бұрын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол үйінде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен жеті жастағы оқушы қыздың қалын сұрап, ауруханаға барған. Омбудсмен атап өткендей, бала ауруханада қалып, үйге оралмау мүмкін бе екені туралы сұраған.

"Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Ювеналды полиция қызметкерлері бұл отбасын бақылауға алды", – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.


Оқи отырыңыз: 3,5 млн теңгеге дейінгі айыппұл: Отбасы зорлықшыларына қандай жаза қолданылады?


Бұған дейін астаналық білім басқармасы 23 қараша күні №37 орта мектеп оқушыларының бірі сабаққа қолы мен бетінен ұрып-соғудың айқын белгілерімен келгенін хабарлаған. Мұғалімнің сүйемелдеуімен қыз бірден №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары