Тікелей эфир

Мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойын ойнауына тыйым салу: қазақстандықтар жаңа петицияға қол қойып жатыр

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер үшін құмар ойындарға тыйым салмақшы болған.

Қоғам белсендісі Дидар Смағұловтың айтуынша, олар бұл норманы алып тастағысы келеді.

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға тыйым салу туралы петицияға қол қоюға шақырады.

"Бұл нормадан бас тартқысы келетіні туралы ақпарат алған кезде таң қалдым. Тұтастай лоббистер тобы жұмыс істейді, үлкен көлемде қаражат жұмсалады. Мен шенеуніктердің казиноға баруды қалай ақтайтынын елестете алмаймын. Егер олар тек өз қаражатын ысырап еткен болса жарайды, бірақ олар мұны бюджет ақшасымен жасайды", – деп жазады қоғам белсендісі.

Дидар Смағұлов шенеуніктердің казинода мемлекет ақшасын жоғалтқанын еске түсірді. Алматы облысындағы ойынханаға жүргізілген қызметтік тексеру 305 шенеуніктің 500 миллион теңгесін сол жерде қалдырғанын көрсетті.

Қоғам белсендісі ел азаматтарын epetition.kz сайтындағы «Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға тыйым салу» петициясына қол қоюға шақырды.


Оқи отырыңыз: Енді ойынқұмар азаматтар мемлекеттік мекемеде тегін емделе алады


Мәжіліс кулуарында Informburo.kz журналисі депутат Асхат Аймағамбетовтан бұл норманың жойылу себебін сұрады. Халық өкілі ойынға тәуелділік туралы заң жобасының екінші оқылымы әлі өтпегендіктен, бұл туралы ешқандай мәліметі жоқ екенін айтты.

"Мен мұндай ақпаратты естіген жоқпын. Бұл заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған кезде, біз бұл норманы қарастыру керектігі туралы әзірге екінші оқылым болған жоқ. Жұмыс тобы әлі қорытынды шығарған жоқ. Менде бұл туралы ақпарат жоқ", – деді Аймағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары