Маңғыстаудағы бір мектепте 26 миллион теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

Атап айтқанда, кейбір қызметкерлерге негізсіз қосымша ақы төленген.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №6 мектепте 26 миллион теңгенің бюджеттік бұзушылықтары анықталды, деп хабарлады Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі.

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аудиторлары анықтаған заңбұзушылықтардың қатарында жалақының көтерілуі, сондай-ақ жекелеген қызметкерлерге негізсіз төлем жасалғаны бар. Сондай-ақ іссапар тапсырмаларын орындамау фактілерін анықтап, бірқатар жағдайларда жол жүру құжаттарының дұрыс ресімделмегені анықталды.

"Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бюджет қаражатын өтеу және бухгалтерлік есепті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мектеп басшылығы қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінді


Сонымен қатар, палата құзырлы органдарға аталған заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарауды тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз