Бұл жұмыс республиканың қалған өңірлерінде де жалғасады.
Қазақстанның өңірлерінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатыр. Енді әр аймақтың өз өкілі тағайындалып, олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің түсіндіруінше, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Сондай-ақ олар балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын дамытуға, ілгерілетуге қатысады.
Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендердің мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Оқи отырыңыз:
- Психолог: Баланы үш жастан асқасын ғана балабақшаға берген жөн
- "Ата-ана бақылауы": Баланың смартфонын қалай қашықтан қадағалауға болады?
"Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бұл лауазым барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалада енгізіліп жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді іріктеудің негізгі критерийлері - үміткердің балалармен жұмыс істеу тәжірибесі, үкіметтік емес ұйымдардағы тәжірибесі немесе қоғамдық қызметі, сондай-ақ тағайындау кезінде балалардың құқықтарын қорғауда үміткердің қандай үлес қосқаны ескеріледі", – деді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.
Қазірге дейін 7 облыста бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалған. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен заңгерлер бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
290
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
262
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
260
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
232
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
229
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
234
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
234
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
240
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
237
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
221
-
0
-
0
-