Тікелей эфир

БҚО әкімі БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Журналистер қауымы түрлі марапаттарға ие болды.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев "Атамекен" өнер ордасының көрме залында БАҚ-тың жылнамасын тамашалап, баспасөз саласында қолданылған құрал-жаблықтармен, бүгінде әр дәуірдегі экспонаттарға айналған жабдықтармен танысты.

Ал өнер ордасының сахнасында бұл күні үлкен концерт өтті. Бұл күнгі концерттің бұрынғылардан ерекшелігі – БАҚ қызметкерлерінің өздері өнер көрсетті. Іс-шараға барлық БАҚ ұжымы мен сала ардагерлері, мемлекетік орган қызметкерлері мен басқарма басшылары да қатысты. Сахна шымылдығы түрілген соң обыс әкімі мерекелік лебізін білдірді.

"Баршаңызды кәсіби мереке "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері" күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұжымды ұйыстырып,қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында өңірімізде мерекеге орай салтанатты жиындар, медиа-форумдар мен түрлі спорт түрінен дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылып келеді. Ал бүгінгі мерекелік шараның барысында өңірімізге еңбегі сіңген журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері, "Орал өңірі", "Приуралье" газетін басқарған Хабер Нұрмұхамедовтың есіміне ескерткіш тақта ашылды. Журналистерді ұлықтаған мұндай тағылымды шара облысымызда тұңғыш рет жүзеге асуда. Осы жылдың наурыз айында қабылданған ақпараттық – доктрина – ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыратын атаулы құжат болды. Бұл журналистер қауымының мемлекет тарапынан тыс қалмауының тағы бір дәлелі болса керек. Сіздерді тағы бір мәрте кәсіби мейраммен құттықтап, зор денсаулық, отбастарыңызға мол бақыт, қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін", – деді аймақ басшысы.

Содан соң ұзақ жылдар бойы халыққа ақпарат жеткізіп, ел мен билік арасында алтын көпір болып жүрген, еңбегі сіңген тілшілерге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі табысталды. Олардың қатарында облыстық AQJAIYQ телеарнасының редакторы Тәтті Мақсотқызы Өтеғалиева  мен облыстық "Орал өңірі" газетінің тілшісі  Гүлбаршын Дыбысқалиқызы Әжігереева бар. 

Жәнібек аудандық "Шұғыла" қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Асқар Орынғалиұлы Құсайынов, "ТДК-42" телеарнасының бейнеинженері  Грабарев Александр Сергеевич, "Казахстанская правда" республикалық газетінің БҚО-дағы меншікті тілшісі Портнягина Наталья Павловна ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің "Құрмет" грамотасымен марапатталады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің "Алғыс хаты", "БҚО үздік ақпарат қызметкері" медалі, Батыс Қазақстан облысы журналистика саласының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаты және қаржылай сыйақы да үздік деп танылған, өз ісінің хас шеберлері атанған тілшілер қауымы мен БАҚ саласы қызметкерлеріне табысталды. 

Бұл күнгі мерекеге Ақжайық өңірінен түлеп ұшқан аға буын өкілдері қонақ ретінде қатысты. "Абай" телеарнасының директоры Азамат Кеңесұлы мен "ЗаңМедиа" корпорациясының директоры Досымбек Қонысбекұлы Өтеғалиев салтанаты шарада  облыс тілшілерін кәсіби мерекемен құттықтап, жүрек жарды тілектерін арнады. 

Айта кетейік, биыл БҚО БАҚ өкілдері арасынан 25 жылдығын атап өткелі отырған "ТДК 42" телеарнасының шығармашылық ұжымы республикалық деңгейдегі үлкен марапатқа ие болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланды. 

Тілшілер өз кәсібін шебер меңгерумен қатар, өнерден де кенде емес. Шетінен сегіз қырлы, бір сынды жандар екенін байқатты. Кәнігі әншілерден кем емес деңгейде жанды дауыста үлкен сахнада құйқылжыта ән айтып, зал толы көрерменді сезімге толы қойылымдарда актерлік шеберліктерімен тәнті ентті. Биыл "Жайық Пресс" ЖШС-ға 20 жыл толды. Осынау мерейлі мерекеде туған жаңа ән "Жайық Пресс" әнұраны орындалса, жас ақын, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Теректі аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Әділет Орынбасаров сиясы кеппеген жырымен шашу жасады.

AQJAIYQ телеарнасының дыбыс режиссері Рауль Бишаевтың, "ТДК-42" телеарнасының тілшілері, тележүргізушілер Айдос Мәлікұлы мен Айнұр Төлеғалиқызының, осы телеарнаның тілшісі Альбина Каленованың орындауындағы әндер зор қошеметке ие болды. AQJAIYQ телеарнасының аға режиссері Жігер Құмаров "Сүгірдің термесін" нақышына келтіре шырқап, сахнаның сәнін келтірді.  

Серіктестер жаңалықтары