Тікелей эфир

Батыс Қазақстан облысында 603 оқушының онлайн білім алуына жағдай жасалды

Орал қаласындағы 103 мектептің 75 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

БҚО-дағы эвакуациялау пункттеріндегі 603 оқушы онлайн режимінде кедергісіз білім алу үшін компьютермен және интернетпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады Batys today

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, облыстағы 13 эвакуациялық пунктте 948 бала болса, оның 345-і мектеп жасына жетпеген. Эвакуациялық орталық студенттердің онлайн оқуы үшін компьютерлер, құлаққаптар және интернетпен жабдықталған оқу кабинеттері бар.

Жалпы, Жайық өзенінің бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласындағы 103 мектептің 75 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Су тасқыны кезінде қашықтан оқытуға көшу мәселесі бойынша ата-аналар комитеттерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұраныстар негізінде оқушыларды қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады


 

Серіктестер жаңалықтары