Тікелей эфир

Атырау облысында жаңа су тасқынына дайындалып жатыр, сол жерге әскерилер жұмылдырылады

Бір тәулікте Оралдағы су деңгейі алты сантиметрге көтерілді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады). 

Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.

"Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар, Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда. 

Серіктестер жаңалықтары