Тікелей эфир

Астанада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап, қайтыс болды

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Астанада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап қайтыс болды. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Жұмысшы краннан түсіп бара жатқан кезде құлап кеткен. Ол алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

"Аталған факті бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.


Оқи отырыңыз: Қарағандыда зейнеткер жекеменшік оңалту орталығының жеделсатысынан құлап қайтыс болды


Жақында осыған ұқсас іс бойынша үкім шықты. Қайғылы оқиға 30 қарашада облыс орталығындағы Победа көшесіндегі көпқабатты үйдің құрылыс алаңында болды. Мұнаралы кран құлап, краншы мерт болды. Жұмыс беруші екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Серіктестер жаңалықтары