
Маман вирустың штамдары мен нұсқаларын шатастырмауға шақырды.
Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман кейбір елде вакцинацияның кешігуі коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеліп соғатынын айтты. Сондай-ақ, ол "Дельтаның" соңғы қауіпті штамм болатынына сенетінін жеткізді.
Маманның айтуынша, вирустың штамдары мен нұсқаларын ажырата білу қажет. Кейбір техникалық айырмашылық бар.
"Біз коронавирустың әртүрлі нұсқасы туралы айтып жатырмыз. 1 маусымнан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды грек әліпбиінің әріптері – "Альфа", "Бета", "Гамма", "Дельта" деп атауды шешті. Оларды "үнді", "бразилиялық", "оңтүстік африкалық" деп атай берсек, белгілі бір коннотация болуы мүмкін еді. Қазір вирус тірі қалудың жолдарын іздеп, белсенді түрде мутациялана бастайды. Шындығында, вирустың тек 30 мың нуклеотид негізі бар және оның мутациялық нұсқаларының саны шектеулі. Біз қазір "Дельтаның" өте жұқпалы нұсқасымен айналысамыз. Мен әлі де бұл коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлаймын және алда пандемия тоқтайды деп үміттенемін", – деді маман.
Профессор мәліметінше, штамдарға 2003 және 2012 жылдары таралған және Оңтүстік-Шығыс Азияда атипиялық негізгі эпидемиясын тудырған вирустар жатады. Мұнымен қатар, ол вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі жағдайында коронавирус мутацияға ұшырап, жаңа нұсқаларды туатынына тоқталды.
"Вакциналардың коронавирусқа қарсылығы тиімді. Әсіресе ковидтің "Альфа" нұсқасында. Бұл нұсқа жұқпалы болғанымен, вакциналар оны басады. "Дельта" нұсқасы вакциналардан аздап бас тартады, дегенмен вакциналар 70-80% жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді", – деп қосты Алмаз Шарман.
Еске салсақ, білім және ғылым министрлігі QazVac вакцинасының "Дельта" штамынан тиімді қорғайтынын мәлімдеген еді. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
288
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
261
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
257
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
230
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
227
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
231
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
231
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
236
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
232
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
217
-
0
-
0
-