+35 градус: елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады.

Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.

"Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау