USD: 488.7 / 491.7
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

1 млн айыппұл кешірілуі мүмкін: Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сыбайлас жемқорлар рақымшылыққа ілікпейді.

Қазақстанда Конституцияға байланысты ауқымды рақымшылық жасалмақ. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы мен оған ілеспе құжаттар бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, бұл жолғы рақымшылықтың басты ерекшелігі – Қазақстан тарихында алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылықтың да қатар жүзеге асырылуы.

"Бұл – қателік жіберген, бірақ өз ісіне өкініп, түзелу жолына түскен азаматтарға мемлекет тарапынан жасалған кезекті ізгілік актісі", – деді депутат.

Заң жобасына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар және зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген шығынды толық өтеген орташа ауыр қылмыстар бойынша қозғалған істер тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар осындай санаттағы қылмыстар үшін сотталған азаматтарды жазадан босату қарастырылған.

Бұдан бөлек, орташа ауыр, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың жазасының өтелмеген мерзімін қысқарту ұсынылып отыр. Алайда рақымшылық барлық сотталғандарға бірдей қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, азаптау, қайталанған қылмыстар және қоғамдық қауіптілігі жоғары өзге де құқық бұзушылықтар жасаған адамдар рақымшылыққа ілікпейді.

Алдын ала мәлімет бойынша, рақымшылық шамамен 15 мың сотталған адамды қамтуы мүмкін. Оның ішінде 5 мыңнан астамы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатса, 10 мыңға жуығы пробациялық бақылауда тұр.

Депутаттардың айтуынша, әрбір сотталғанға қатысты түпкілікті шешімді сот жеке тәртіппен қабылдайды. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдарға бостандыққа шығатын азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға қайта кіріктіру бойынша міндеттер жүктеледі.

"Заң жобасында әкімшілік рақымшылық та қарастырылған. Оған сәйкес Қазақстан азаматтары, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және заң консультанттары әкімшілік айыппұлдардың белгілі бір санатынан толық босатылуы мүмкін. Дегенмен соттар салған айыппұлдар мен азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған әкімшілік жазалар рақымшылыққа жатпайды", – дейді депутат.

Мәжіліс мәліметінше, әкімшілік рақымшылық шамамен 1 миллион айыппұлды қамтуы мүмкін. Заң жобасы енді парламентте одан әрі қаралады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз