Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 465,74 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 467,65 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 466,00 теңгеден сатып алынып, 473,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 530,00–540,00 теңге, ал рубль 5,50–6,00 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,85 теңгеден сатып алынып, 470,21 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро 532,94–538,32 теңге, ал рубль 5,62–5,77 теңге аралығында айырбасталып жатыр.