Тікелей эфир

Костенко шахтасындағы апат: жерленген азаматтардың есімі жарияланды

Тағы бір кенші іздестіріліп жатыр.

"АрселорМиттал Теміртау" бүгін, 30 қазан, күні жерленген кеншілердің есімін жариялады. 

  • Адампаев Ерболат Мұратұлы;
  • Әбілов Айбек Нұрғалиұлы;
  • Әлиақпаров Қуандық Серікұлы;
  • Бобряшов Сергей Владимирұлы;
  • Богатырёв Илья Константинұлы;
  • Жанзақов Айзат Айханұлы;
  • Крайнов Олег Викторұлы;
  • Крикунов Павел Александрұлы;
  • Қадыров Ринат Мубаракзянұлы;
  • Магиев Жанболат Темірғалиұлы;
  • Мұсабеков Әсет Қанатұлы;
  • Петренко Владимир Ильяұлы;
  • Шотаев Аманкелді Мейрамұлы;
  • Шулевский Михаил Леонидұлы.

28 қазан күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

45 жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі іздестіріліп жатыр. 

ТЖМ бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан өндіру учаскелері ауданында жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары