Қазақстанда доллар бағамы қайта қымбаттады

Доллар бағамы қайта қымбаттады. Фото: Depositphotos.com
Доллар бағамы қайта қымбаттады. Фото: Depositphotos.com
Биржада доллар 444 теңгеден асты.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,7 теңгеге өсті. Осылайша, америкалық валютаның орташа бағамы 444,30 теңгені құрады.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 443,62 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, 13 қарашада Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 441,99 теңгеден сатып алынып, 448,99 теңгеден сатылып жатыр;
  • еуроның сатып алу бағамы – 490 теңге, сату бағамы – 500 теңге;
  • рубль 5,15 теңгеден сатып алынып, 5,35 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 444,85 теңге, сату бағамы 446,84 теңге болды. Еуро 492,56–497,44 теңге аралығында саудаланса, рубльдің бағамы 5,17–5,29 теңге аралығында қалыптасты.

Еске салайық, 12 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,2 теңгеге арзандап, 443,62 теңгені құраған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау