USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алакөлде катер қаққан зейнеткер екі аяғынан айырылды: оқиғадан кейін қауіпсіздік бақылауы күшейді

Фото: Алматы облысының әкімдігі
Фото: Алматы облысының әкімдігі
Алакөлде қауіпсіздік талаптарын бұзған 100-ден астам адам жауапқа тартылды.

Алакөлге демалуға барған 69 жастағы тұрғынды артқа қарай қозғалған катер қағып, салдарынан ол екі аяғынан айырылды. Қазір науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл Алакөлде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. 17 шілдеде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақат алған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, судағы бақылау күшейтілді. Гидроциклдер мен катерлердің кешкі сағат 20:00-ден кейін көлде жүруіне болмайды. Ережені бұзған демалушылар мен кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ведомствоның мәліметінше, шілде айының басынан бері судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 100-ден астам адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау