50 өнерпаз бен жасанды интеллект: 31 арна музыкалық революция жасады

Постер: 31 арна
Постер: 31 арна
Жобаны "Өнер қырандары" театрының актері, киноактер әрі продюсер Жанболат Найзабеков және стендап-комик, сценарист әрі блогер Жансая Мұратбекова жүргізеді.

Жасанды интеллект қазақ эстрадасына да жетті. 31 арна "АІ Бәрекелді" атты жаңа музыкалық, ойын-сауықтық шоуды жарыққа шығарды. Қазақ эстрадасының жарқын өкілдері технологиялардың көмегімен тәжірибе жасап, ерекше образда сахнаға шығады. 

Бүгінде жасанды интеллект мәтін жазып, әуен шығарып қана қоймай, ерекше аранжировка да ұсына алады. 31 арна кәсіби өнер адамдары ЖИ-мен бірге қандай туынды шығара алатынын тексеріп көруді ұйғарды. Ал жобаға қатысқан өнерпаздардың әндерін көрермен әлдеқашан жақсы танып алған, тіпті сүйіп тыңдайды. 

Жобаның ауқымы кең: 10 эпизод, 50 өнерпаз, жаңа композициялар, жарқын костюмдер, ерекше сахналық шешімдер мен музыкалық өзгерістер болады. Көрерменнің құлағына таныс дауыстар мүлде басқа қырынан естіледі. Тіпті кейбір орындаушыларды жаңа образда тану қиын болары сөзсіз. 

"Жасанды интеллект қазірдің өзінде музыкалық индустрияны өзгертіп жатыр. Біз осы технологияны телевидениеде тәжірибе жүзінде сынап көргіміз келді. Танымал өнерпаздарды жинап, оларға тосын музыкалық стильдер мен жаңа образдарды ұсынып, технологияның көмегімен қаншалықты алысқа баруға болатынын байқап көрдік. Біз үшін жасанды интеллекттің не жасай алатыны ғана емес, көрерменнің мұндай музыкаға қалай қарайтыны да қызық. Кейбір қойылымдар өнерсүйер қауым үшін нағыз тосынсый болады деп ойлаймын", – дейді 31 арнаның бас директоры Айгүл Ақсамбиева. 

Әр шығарылымда бес әнші сахнаға шығады. Алдымен олар белгілі хиттерін орындайды. Кейін жасанды интеллект көмегімен жасалған жаңа композицияларын көрермен назарына ұсынады. Мәтін жазудан бастап, музыка, аранжировка және қойылымның визуалды құрылымына дейін технология қолданылады. Яғни орындаушылардың образдары, декорациялар мен бейнебаяндары да жасанды интеллекттің мүмкіндігімен ұштасады. 

Әр өнерпаздың жасанды интеллектке көзқарасы әртүрлі. Бірі экспериментке қуана кірісіп, бұрын байқап көрмеген музыкалық бағыттарды сынауға дайын болса, енді бірі жаңа технологиялардың мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Олардың реакциясы, пікірталасы мен жаңа туындылардан алған әсері де бағдарламаның ажырамас бөлігіне айналады.

Шоуға қатысатын өнер адамдарының қатарында Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, "КешYOU" тобы, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Nazima, Ғазизхан Шекербеков және қазақстандық шоу-бизнестің басқа да танымал өкілдері бар. 

Жобаны Coco Jambo атымен танымал, "Өнер қырандары" театрының актері, киноактер әрі продюсер Жанболат Найзабеков және стендап-комик, сценарист әрі блогер Жансая Мұратбекова жүргізеді. Екеуі жасанды интеллектке қатысты пікірін ортаға салып, бағдарламаны әзілмен өрбітеді. 

Бес өнерпаз ән айтып болған соң, залдағы көрермен уақыт сынынан өткен танымал хиттерін нейрожелі көмегімен жасалған жаңа композицияларымен салыстырып, өздеріне ұнаған нұсқаға дауыс береді. Ал орындаушылар дауыс беру нәтижесін бірден көрмейді. Керісінше, көрерменнің қай нұсқаны таңдағанын өздері табуға тырысады.

Ал шығарылым соңында көрермен бағдарламада шырқалған әндердің ішінен ең үздігін таңдайды. Жасанды интеллект үстем бола ма, әлде құлаққа сіңген ескі хит үздік атана ма – оны тек көрермен шешеді. 

Ерекше музыкалық эксперименттің нәтижесін 4 қазан, яғни жексенбі күні сағат 20:00-де "31 арнадан" көре аласыз, жасанды интеллект дәуірінің алғашқы музыкалық шоуын өткізіп алмаңыз! 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау