Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасқа толмаған баланы ұрып-соққаны үшін балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
"Сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі балабақшаның балаларға арналған жатын бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді", – делінген сот хабарламасында.
Сот үкіміне сәйкес, тәрбиешіге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 50 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айырылады.
Оқи отырыңыз: Қызылордада 40 жекеменшік балабақша жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалмақ