5 маусым күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды.
Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиация әкімшілігімен бірлесіп, рейстердің кешігуіне және жолаушылардан түскен шағымдарға байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Тергеу барысында 5 маусым күні Fly Arystan әуетасымалдаушысының Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды. Осы рейстің жолаушыларына ұшуды күту кезінде қонақ үйде орналастыру қызметтері дұрыс деңгейде көрсетілмеген. Бұл "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметке жатады", – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты 28 шілде күні авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігінде көзделген шара.
Оқи отырыңыз: Air Astana президенті рейстердің кешігу себебін түсіндірді
Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы 7 және 21 шілде күндері рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Жалпы биыл компанияға 9 189 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты тергеу жалғасуда, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған хабарламада.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-