Питер Фостердің айтуынша, ұшу кестесін қайта қарауға әуе тасымалының ұлғаюымен қатар бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.
Air Astana президенті Питер Фостер Informburo.kz сайтына жолдаған хатында рейстердің кешігу себебін түсіндірді.
Компания басшысы пандемиядан кейін саладағы сұраныс пен ұсыныстың тез қалпына келе жатқанын атап өтті. Бұл бүкіл әлем бойынша рейстердің жұмысына әсер еткен.
"Ұшу кестесін қайта қарауға әуе тасымалының ұлғаюынан басқа, әуежайға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ ұшу-қону жолағындағы жұмыстар әсер етеді. Сонымен қатар, құстармен соғылысу сияқты факторлар да ұшақ қозғалтқыштарын зақымдауы мүмкін", – деп түсіндірді Питер Фостер.
Әуе компаниясының президенті тасымалдаушының жұмысын жақсарту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер саны қысқартылғанын айтты.
"Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, әуе компаниясының сайтындағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне жазыңыз. Сонымен қатар, рейске байланысты ақшаны қайтару үшін анықтамалық орталыққа хабарласуға болады", – деді Питер Фостер.
Еске салайық, жуырда Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіргені үшін Air Astana әуе компаниясына айыппұл салған еді.
Оқи отырыңыз: 2022 жылы Қазақстанда 14 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-