Тоқаев Молдова сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.

Михай Попшой мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.

Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз