"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Еліміздің көп аймағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
"Батыста, солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы тауларда бұршақ жаууы мүмкін. Нөсер жаңбыр күтілуде. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында, Жетісу облысында қатты ыстық болады", – делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, батыс аймағында, Жамбыл облыстарының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында да жоғары өрт қаупіне қатысты ескерту жасалды.