Тікелей эфир

Қазақстандықтардың 48 пайызы материалдық жағдайы жақсарады деп сенеді – зерттеу

Жеке материалдық жағдайдың өсуіне деген сенімділік төмендеген.

2024 жылғы ақпанда жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күту қосалқы индексі айтарлықтай төмендеді. Материалдық жағдайлары жыл ішінде жақсарады деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 48,8% болды. Ал қаңтардағы көрсеткіш 51,6% еді, деп мәлімдеді талдаушы Данияр Оразбаев.

Бұл мәселеде жастар басқа жастағы адамдарға қарағанда оң көзқараста екенін көрсеткен. Олардың арасында оптимистердің үлесі 66-дан 70%-ға дейін өсті.

Екінші жағынан 60 жастан асқан адамдардың тек 27 пайызы (қаңтар айында 35%) бұл сұраққа оң жауап берді. 

"Өңірлер бойынша Шымкентте нәтижелер едәуір жақсарған. Онда оң жауаптардың үлесі 52-ден 57 пайызға дейін өсті. Осыған қарамастан, Қызылорда облысы көшбасшы болып қала береді. Онда ұқсас көрсеткіш 62 пайызға жетіп отыр. Екінші жағынан ақпан айында Маңғыстау және Қарағанды облыстарында көрсеткіш айтарлықтай төмендеген. Бұл өңірлерде оптимистердің үлесі 13 және 8 пайыздық тармаққа төмендеді. Қостанай облысы өңірлік рейтингтің аутсайдері болды. Бұл облыста респонденттердің 31 пайызы өз болашағына оң көзбен қарайды", – деді Freedom Finance Global талдаушысы Данияр Оразбаев. 


Оқи отырыңыз: Қандастарға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары