Тікелей эфир

Қандастарға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды

Бакалавриат, магистратура және докторантураға 550 грант бөлінген.

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы қандастардың Қазақстанда білім алуына арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталғанын хабарлады. 

Құжаттарды мамыр айының соңына дейін онлайн өткізуге болады. 

Стипендиялық бағдарлама аясында 550 грант бөлінген: 

  • Бакалавриат – 490 грант;
  • Магистратура – 50 грант;
  • PhD докторантура – 10 грант.

Оқи отырыңыз: Алтайдан келген қандастар Павлодарда тегін оқи алады


Стипендиялық бағдарламаға Қазақстан азаматы емес, шетелдік қазақтар қатыса алады. Оларға қойылатын басты талаптар: 

  • Бакалавриат – орта білімі бойынша құжатының орташа бағасы – "жақсы" болуы шарт.
  • Магистратура – бакалавр дипломының орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден кем емес және шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаты болуы керек.
  • Докторантура – магистратура дипломының орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден кем емес және шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаты болуы керек.

Стипендия студенттің тегін білім алуына және ай сайын шәкіртақы алуына мүмкіндік береді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары