Тікелей эфир

Қазақстанда жаңа комитет құрылды

Жаңа комитет судың "қара нарығымен" күресті күшейту мақсатында құрылды.

Қазақстанда жаңа комитет құрылды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

"Судың "қара нарығымен" күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды", – делінген хабарламада.

Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану және оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сонымен қатар еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың "қара нарығына" қарсы күресті едәуір күшейтуге тиіс", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары