Қасым-Жомарт Тоқаев Wilo президенті Оливер Гермеспен жасанды интеллект және инфрақұрылым мәселелерін талқылады

Wilo делегациясының Қазақстан президентімен кездесуі. Фото: Ақорданың ресми сайты
Wilo делегациясының Қазақстан президентімен кездесуі. Фото: Ақорданың ресми сайты
Талқылаудың негізгі тақырыбы – су ресурстарын басқарудағы жасанды интеллектінің әлеуеті және Wilo WATER-AI стратегиясы болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары аясында Wilo тобының президенті және жаһандық бас директоры Оливер Гермес Берлинде Қазақстан мемлекетінің басшысының қабылдауында болып, екіжақты келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оливер Гермес су ресурстарын басқару жүйесін тұрақты дамыту үшін жасанды интеллектінің әлеуетін талқылады. Кездесуде инновациялық технологиялардың су инфрақұрылымының тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға қалай ықпал ете алатынына ерекше назар аударылды.

Оливер Гермес Wilo тобының жаһандық WATER-AI стратегиясын таныстырды. Осы стратегия аясында компания су ресурстарын басқару саласындағы цифрлық трансформацияны ілгерілетіп келеді.

"Жасанды интеллект су ресурстарын басқарудың болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Біздің тәсіліміз: Embed, Enable, Embrace. Біз жасанды интеллектті өнімдерімізге, жүйелерімізге және шешімдерімізге тікелей енгіземіз, клиенттеріміз бен серіктестерімізге осы технологиялардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береміз және инновацияларды белсенді түрде қалыптастыратын корпоративтік мәдениетті дамытамыз", – деді Оливер Гермес.

Сонымен қатар, ол Wilo тобының Қазақстан нарығының қажеттіліктерін де қанағаттандыра алатын, су ресурстарын басқаруға арналған интеллектуалды премиум-технологиялардың кешенді портфеліне ие екенін атап өтті:

"Қазақстан инфрақұрылымды жаңғыртуға тұрақты түрде инвестиция салып, орнықты даму саласында ауқымды мақсаттарды көздеп отыр. WATER-AI стратегиямыздың арқасында бізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін неғұрлым тиімді, ашық әрі орнықты етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялар бар. Біз бірлескен жобалар мен серіктестіктерді дамыту үшін үлкен әлеует көріп отырмыз".

Талқылау сонымен қатар су ресурстарын басқару, цифрландыру, кәсіптік оқыту және тұрақты инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту болашағын да қамтыды.

"Су ресурстары саласындағы сараптаманы жасанды интеллектпен біріктіру экономикалық өсім мен тұрақты дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Wilo Қазақстандағы серіктестерімен бірлесіп осы трансформацияны қалыптастыруға өзінің халықаралық тәжірибесі мен технологиялық сараптамасын ұсынуға дайын", – деп қосты Оливер Гермес.

Сонымен қатар, Wilo тобы Берлиндегі Германия экономикасы үйінде өткен Германия – Қазақстан экономикалық форумына қатысты. Іс-шара екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастықтарының жоғары лауазымды өкілдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің басын қосты. Негізгі назар өнеркәсіп, инфрақұрылым, энергетика және цифрландыру сияқты маңызды стратегиялық салалардағы Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету болашағына аударылды.

Форум барысында Wilo тобы өзара түсіністік туралы екі меморандумға (MoU) қол қойды. Бірінші меморандум Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, екіншісі – Алатау қаласының әкімдігімен жасалды. Бұл келісімдер диалогты одан әрі жүргізуге және стратегиялық маңызы бар салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге негіз қалайды.

WATER-AI стратегиясы арқылы Wilo тобы су ресурстарын басқарудың цифрлық трансформациясын қалыптастыруда белсенді рөл атқаруға және ақылды су инфрақұрылымын одан әрі дамытуға үлес қосуға ұмтылады.

Wilo туралы:

Wilo – су айналымына байланысты жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған интеллектуалды премиум шешімдер саласындағы ізашарлардың бірі. Компанияның қызметі Wilo тобының стратегиясына және оның негізгі бағыттарына негізделеді: Creating, Caring, Connecting.

Бүкіл әлем бойынша шамамен 9 000 қызметкер айқын мақсатпен – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында күн сайын инновациялармен жұмыс істейді. Ғимараттардың инженерлік жүйелері, су ресурстарын басқару және өнеркәсіп салаларында біз планетамыздағы ең маңызды ресурсты тасымалдау, тазарту және басқару міндеттерін жүзеге асырамыз.

Біз 150 жылдан астам уақыт бойы болашақты ойлап келеміз. Бүгінде өз саламыздағы инновациялар көшбасшысы ретінде цифрлық дәуір мен жасанды интеллект дәуірін қалыптастырып келеміз. Біз мұны Pioneering for You деп атаймыз.

Біздің инновациялық тәсіліміз туралы толығырақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау