Петропавлда тұрғындар қоқыстың уақытылы шығарылмайтынына шағымданды

Фото: Informburo
Фото: Informburo
Контейнерлердің айналасында бұралқы иттер мен кеміргіштер қаптаған.

Тұрмыстық қалдықтар апталап шығарылмай, жағымсыз иістен тұрғындар тұншықтық деп отыр. Ал тариф екі есеге дейін қымбаттаған. Бірақ баға мен қызмет көрсету сапасы мүлдем сәйкес келмейді. Сондықтан халық қоқыс шығаратын компанияларды ауыстыруды талап етеді, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Үстінен толып тұрады, бәрі сыртына лақтыра салады. Жел болғанда маңайы бәрі шашылады", – деді Петропавл қаласының тұрғыны: Сара Өтегенова.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға деген сұраныс 30 пайызға төмендеді


Ал контейнерлердің айналасында бұралқы иттер мен кеміргіштер қаптаған. Бұл жағдай ай сайын тарифті кешіктірмей төлейтін тұрғындардың ашуын туғызды. Оған қоса, биыл қоқыс шығару бағасы екі есеге өскен.

"Тазалыққа жауапты мамандар қайда қарап отыр?! Мынау деген сұмдық қой. Мен 5 адамға 4800 теңге төлеймін. Тарифті еке есе өсіріп жіберді. Бірақ өзгеріс жоқ. Бақылау болмағандықтан бәрі бетімен кетіп жатыр", – деді Петропавл қаласының тұрғыны Гүлмира Қалиева.

Ал қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 компания айналысады. Бірақ көбінің техникасы тозған. Сондықтан бір күн жұмыс істесе, бір апта сынып тұрады. 

"Олқылықтар барын жасырмаймыз, кейде мердігер компаниялардың көліктері сынып, қоқыс уақытында шығарылмай қалады. Дәл осындай жағдай тіркеліп, бірнеше күн техникалар жұмысқа шыға алмады. Салдарынан қала қоқысқа толды. Енді біз оларға талапты қатаңдатамыз", – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов.


Оқи отырыңыз: "Саны бар да, сапасы жоқ". Елдегі заңгерлер саны сұраныстан тоғыз есе көп


Жергікті билік қоқыс шығаратын компанияларға мәселені шешуге бір апта уақыт берген. Егер жағдай өзгермесе, қатаң шаралар қабылдамақ.

Серіктестер жаңалықтары